2017 жылы қазақ даласында шамамен 17 мыңға тарта қасқыр болған болса, 2018 жылы 16 мыңдай қалған, ал 2019 бен 2020 жылдары бұл көрсеткіш төмендей берген. Оған себеп 2018 жылы Қазақстанда қасқыр атуға 1575 лицензия берілсе, 2019 жылы 1 қаңтардан 31 қаңтарға дейін 4839 қасқырды атуға рұқсат берілген, осы кезеңде даламызда 13214 қасқыр қалыпты. Ал былтыр 4824 қасқыр мен 11733 шибөрі атуға рұқсат етілген. Биылғы жылдың көрсеткіші қолымызда жоқ. Алайда аталған есептерге жүгінсек, бір жылдың ішінде (2018 жыл мен 2019 жыл арасында) 16 мың қасқырдан 13 мың қалдырғанда қазір 10 мыңның шамасы болар деп топшылап отырмын.
Бір ақпарда 2021 жылдың басында Қазақстанда 15 мың қасқыр бар депті. Мұнысы енді қисынға қайшы. Шамасы қасқыр аулаушылар қулыққа барып, 2 мың қасқырды ойдан қосып отырса керек, яки жыл сайынғы қасқыр атуға лимитті алу үшін.
Мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №23 санынан оқи аласыздар.
Мұнайдар Балмолда,
жазушы,
Орал қаласы