20.01.2023, 10:45
Оқылды: 30

Қазақ пен татар әуенін әрлендірген

Қазақ, татар мәдениеті мен дәстүрі бір-бірімен етене жақын, тығыз байланыста. Мұның өзі екі ұлттың мәдени байланысын зерделеу барысында, әсіресе музыкатану тұрғысында айқын білінеді. Қазақ пен татар халқының мәдениет саласындағы байланысына ерекше назар аудару қажет. Өйткені осы қос ұлт мәдениетінің тамыры тереңнен бастау алып, тым ерте дәуірлерден бері жалғасып келеді. Екеуі де түркі тілдес халықтар арасында өзіндік орны бар көне жұрт санатына жатады.

Тенишева (1)

Ұлттар арасындағы достықтың салтанат құруы үшін олардың бір-біріне деген шынайы да терең құрметі қажет. Халықтың дәстүрі мен мәдениетін біліп, танудың маңыздылығы өте зор. Адам өзінің білімі арқылы әлемдік мәдениеттің қыр-сырына жіті үңіледі. Әр ұлттың музыкасын зерттеп, тану арқылы оның құндылығын, жанын білуге қадам жасайды. Музыканы білу, үйрену үшін парасат қойып, ойлап, қайта-қайта тыңдау қажет. Соның нәтижесінде адамның музыкалық түйсігі жетіліп, сол әуенді қабылдау, ұғыну зейіні арта түседі. Сөйтіп, саз әлемінің тұңғиығына терең бойлап, әсемдігін жан-тәнімен сезіну қабілетіне ие болады. Саз әлеміне деген көз тартатын әдемілікке орынсыз айтылған сөз, басы артық түсіндіру мен мінеу сына қаға алмайды.

WhatsApp Image 2023-01-20 at 09.57.54
Халық мойындаған құндылығы, тартымдылығы өте жоғары, үздік жетістікті иемденген туындылар шедевр шығармалар қатарына жатады.

InShot_20230120_095307536

Осындай шығармалардан әр халықтың тарихы, мәдениеті танылып, қоғамдық құбылыс ретінде ұлттық классикаға айналады. Өнердегі сондай үлгілі, көрнекті туындылардың санатына қазақ және татар музыкасының білгірі Қапан Мусин мен Назиб Жигановтың шығармашылығы әбден лайық.
Симфонизм – симфониялық оркестрде орындауға арналған сонаталық жиынтық формадағы музыкалық шығарма. Осы музыкадағы ең ірі жанрдың біздің өңірде дамып, өркендеуіне аталған екі композитор орасан зор үлес қосты. Олар музыка мәдениетіне тыңнан түрен салып, симфониялық саздың негізін қалады. Музыка тарихында тұңғыш туындысымен-ақ көркемдік сипатқа ие болып, менталитетіне сай ұлттың мәдениетіне жаңашылдық енгізіп, жоғары деңгейге жеткен композиторлар қатарының некен-саяқ екені көпшілікке мәлім.

Светлана Тенишева,
«Назиб Жигановтың шоқ жұлдызы»
жеке қорының құрылтайшысы

Мақаланың толық нұсқасын «Орал өңірі» газетінің 20 қаңтардағы №6 санынан оқи аласыз.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале