Тбилиси қаласында пара пауэрлифтингтен әлем Кубогы мәреге жетті. Жарысқа 20 мемлекеттен 94 спортшы қатысты. Бұл туралы ҚР Мәдение және спорт министрлігі хабарлады.
Қазақстан құрамсы жарыста 32 медаль еншіледі: 11 «алтын», 12 «күміс» және 9 «қола».
Атап айтқанда:
- Айдарқызы Әйгерім – 41 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында І орын және үш тәсілдің қосынды сомасының нәтижелері бойынша жасөспірімдер арасында І орынды еншіледі. Ол ересектер арасында ІІ орын және үш тәсілдің қосындысы ІІ орын иеленді.
- Солодухина Алина – 45 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-ші орын және әйелдер командалық жарысында 3-ші орын иеленді.
- Толжан Фариза – 55 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында ІІІ орын, үш тәсілдің сомасы бойынша ІІ орын алды.
- Берімқұлова Айжан – 50 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында ІІ орынды және үш тәсіл сомасы бойынша І орын, аралас командалық жарыста ІІІ орын иеленді.
- Құрманбаева Гүлім – 45 келіге дейінгі салмақта командалық жарыс бойынша ІІІ орын алды.
- Қойшыбаева Раушан – 67 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында ІІ орын, ардагерлер арасында І орын және үш тәсіл сомасы бойынша І орын иеленді. Ал әйелдер командалық жарысында ІІІ орын алды.
- Маханбетова Мөлдір – 79 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында ІІІ орын және үш тәсілдің сомасының нәтижелері бойынша ІІІ орын иеленді.
- Кәрібай Ерболат – 49 келіге дейінгі салмақта үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша ересектер арасында 3-орынға және аралас командалық жарыста ІІІ орынға ие болды.
- Баққожа Жақсылық – 80 келіге дейінгі салмақта үш тәсілдің қорытындысы бойынша ересектер арасында ІІІ орынға және аралас командалық жарыста ІІІ орынға ие болды.
- Хамаев Рахметжан – 88 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында І орын және үш тәсіл сомасы бойынша І орын иеленді.
- Баутов Әділжан – 97 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын алды.
- Бойко Снежанна – 45 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында І орын және үш тәсіл сомасының нәтижелері І орын жеңіп алса, ересектер арасында үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша ІІ орынға ие болды.
- Әшір Зарина – 50 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 2-ші орын және үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша 1-орын жеңіп алса, ересектер арасында үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша ІІ орынға ие болды.