6.02.2023, 14:45
Оқылды: 37

Қазақ спортшысы Индонезияда өткен әлем кубогында олимпиада чемпионын жеңді

Қазақ спортшысы Индонезияда өткен нысана көздеу жарысында швейцариялық олимпиада чемпионын жеңді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі  жазды.

InShot_20230206_144448325

Отандасымыз Арина Алтухова Джакартада (Индонезия) өткен Әлем кубогінің жеңімпазы атанды.

Арина 50 метрдегі нысананы шағын калибрлі мылтықтан үш қалыпта ату бойынша қыздар арасындағы «алтын финалда» (golden match) Швейцариядан келген «Токио - 2020» Олимпиадасының чемпионы Нина Кристенді ұтты.

19 жастағы алматылық мерген шешуші сайыста бірінші болып қажетті 16 ұпай жинады.

«Жеке жарыстағы медальдардан бөлек, Ислам Сәтбаев, Матвей Тимофеев және Константин Малинковский бар ерлер құрамасы командалық жарыста күміс жүлде жеңіп алғандарын да атап өткім келеді.

Спортшыларымызды жоғары нәтижемен құттықтаймын және әлемдік ареналарда жаңа жеңістер тілеймін!»,деп жазылған министрдің құттықтау хатында.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале