21.11.2022, 17:15
Оқылды: 10

"Қазақ тілім - ұлттық тіл" - көркемсөз оқу шеберлерінің сайысы

"Орал қалалық кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен "Балалар жылы" және "Бір ел-бір кітап" республикалық акциясы аясында А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына орай "Қазақ тілім- ұлттық тіл" атты көркемсөз оқу шеберлер сайысы Қ.Мырза Әли атындағы мәдениет және өнер орталығында өтті", - деп хабарлайды Орал қалалық кітапханалар жүйесі.

WhatsApp Image 2022-11-21 at 17.15.47 (1)

Мемлекет қайраткері, ғалым, ағартушы, ақын, публицист, ұлттық жазудың реформаторы, қазақ тілі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ақын А.Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығын жас ұрпаққа таныстырып, шығармашылығы арқылы қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, өз отанына және халқына деген мақтаныш сезімін ояту, сондай-ақ оқырман қауымға А.Байтұрсынұлының қоғамдық қызметін және ақындық шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында өткізілген шараға қала мектептерінің 7-8 сынып оқушылары қатысқан.

WhatsApp Image 2022-11-21 at 17.15.44

Сайыс кезеңдері бойынша баға беретін әділқазылар алқасының құрамында ақын, өлкетанушы, тәлімгер-ұстаз, облыстық "Ақберен" жас ақындар мектебінің жетекшісі, республикалық жыр мүшәйраларының жеңімпазы Қуаныш Талап Таймасұлы, айтыскер ақын, Қадыр Мырза Әли атындағы орталықтың мәдени қызметкері Бисенғалиев Айнабек Сағынтайұлы, Орал қалалық кітапханалар жүйесінің әдіскері Сарбаева Толқынай Ерсайынқызы болды.

Талап Таймасұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, қатысушыларды бағалау ережелерімен таныстырып, дыбыстық ырғақ пен тыныстау мәнерлерін ескеретінін айтып өтті. Сайыстың бірінші бөлімінде әр қатысушы өздерінің дайындап келген өлеңдерін сайыстың шарты бойынша әдемі орындауға тырысты. Шараның үш бөліміне де қатысушылар белсене атсалысып, өлең оқыған кезде сайыстың шарттарына сай өз өнерлерін көрсете білді.

Сайыс қорытындысы бойынша
1 орынды №41 мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы Ережепова Асема;
2 орынды №37 ЖОББМ 7 сынып оқушысы Жасқайрат Азамат;
3 орынды №27 мектеп-лицейдің 8 сынып оқушысы Шатлан Ақторғын мен Д.Қонаев атындағы №44 мектептің 8 сынып оқушысы Сағындық Шұғыла иеленді.

Барлық қатысушыларға дипломдар, алғысхаттар және естелік сыйлықтар табысталған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале