20.11.2023, 13:00
Оқылды: 38

Қазақ жастары ұйымын құрған қайраткер кім?

1916 жылы жазда қазақ даласында ұлт-азаттық көтеріліс басталған кезде Тұрар Рысқұлов оқуын тастап, Әулиеата уезіндегі Меркі ауылына аттанады. Ол Меркіге келген кезде халық ашық бас көтерулерге шығып, жер-жерде қарулы қақтығыстар өрши бастаған болатын.

жп дала

Ол Аққөз Қосанұлы бастаған көтерілісшілердің іс-әрекетіне ұйымдық сипат беріп, саяси бағдар сілтейді. Меркідегі көтерілістің өршіген кезінде Рысқұловты патша әкімшілігі тұтқындайды. Бірақ оның іс-әрекетінен кінә таба алмай босатып жіберуге мәжбүр болады.

1917 жылғы Ақпан төңкерісінен кейін көктемде Рысқұлов Меркіге оралып, онда «Қазақ жастарының революциялық одағын» құрады. Осы жылы жазда Рысқұлов РСДЖП құрамына мүше болып қабылданды.

1918 жылдың қазанында өткен Кеңестердің Түркістан Орталық Атқару Комитетінің құрамына кіріп, денсаулық сақтау халкомы болып тағайындалады.

1920 жылы Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің мүшесі, Түркістан АКСР Орталық Атқару Комитетінің Төрағасы болып сайланады.1937 жылы 21 мамырда Кисловодскіде демалыста жүрген Рысқұлов «пантүрікшіл», «халық жауы» деген айыппен тұтқынға алынады. Кеңестік қуғын-сүргінге ұшыраған Рысқұлов Мәскеу түрмесінде жүрек ауруынан қайтыс болады.

 

Зұлқожа  Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале