1223 жылдың көктемінде Сайран мен Талас өзендері арасындағы Құланбасыға ұлдарын жинаған Шыңғыс хан қазақ жерін үш монғол ұлысына бөледі.
Осылайша ұлыстың үлкен бөлігі елдің солтүстік кеңістігі мен Ертістің үстіңгі ағысынан Алакөлге, әрі қарай Іле мен Сырдарияға дейінгі қазақ жері Жошының ұлысына беріледі.
Ал қазақтың Оңтүстік, Оңтүстік - Шығыс Қазақстан жерлері Шағатай ұлысына қараса, Жетісу өзенінің солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысы билігіне қарайды.
Сонымен Жошы ұлысы Ертістің батысы мен Жетісу өзенінің солтүстік бөлігін, шығыс Дешті Қыпшақтан бастап, төменгі Еділ бойын қосқан аумақты қамтиды.
Жошы ұлысының қазақтар үшін маңызы үлкен, өйткені кейін осы территорияда қазақ хандығы құрылып, болашақ қазақ мемлекетінің іргесі қаланғаны белгілі.
Зұлқожа Шарафутдинов,
zhaikpress.kz
(«Қазақтар». Энциклопедиялық анықтамалық. А 2003 жыл)