Жуырда Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы 5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері 35 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесті.
Кездесу аясында «Қазақстан армиясындағы әйелдердің рөлі» тақырыбында сөз қозғалды. Ұлттық ұлан қызметшілері мектеп оқушыларына әскери қызметтің қиындығы туралы, сонымен қатар әскери қызмет мол жауапкершілікті талап ететін салалардың бірі екендігін атап өтті.
Әскери қызметшілер әскердегі әйел қызметшілердің ер азаматтар мен бірге қарудың түр-түрін меңгеріп, қолдана білетіндігі жайлы және ешқандай жеңілдік болмайтындығы туралы айтып, осыдан бөлек олар сарбаздарға аналық жылу, апа ретінде қолдау көрсететіндігі туралы мәліметтер берді. Ал мектеп оқушылары өз кезегінде әскери қызметшілерге алғыс білдіріп, алдағы келе жатқан 8-наурыз мерекесімен құттықтады.
ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі