Алматы қаласының Бостандық аудандық соты Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы» АҚ бұрынғы вице-президенті Серік Жұбандықовқа қатысты үкім шығарды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл aгенттігі мәлімдеді.
Видеодан скрин
«Ол Алматы облысы Іле жағалауындағы «Көшпенділер» киножобасы шеңберінде салынған «Түркістан қаласы» Бутафорлық бекінісін заңсыз іске асыру арқылы, нарықтық құнынан 44 есе төмен бағамен мемлекетке залал келтіре отыра жымқырғаны үшін сотталды.
Сот үкімімен Жұбандықовқа шартты түрде 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сонымен қатар, активтерді қайтару бойынша жүргізілген жұмыстар жер учаскесі мен бекініс мемлекет меншігіне қайтарылды», делінген хабарламада.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
zhaikpress.kz