30.01.2024, 9:00
Оқылды: 50

Kazakh Тourism және Яндекс Қазақстан туризм саласындағы ұзақ мерзімді серіктестік орнатпақ

Kazakh Tourism және Яндекс Қазақстан туризмді дамыту мақсатында ұзақ мерзімді серіктестік орнату туралы уағдаласты.

Бұл туралы туризм және спорт министрлігі хабарлады.

IMG_20240130_085313_642

Ынтымақтастықтың бірінші кезеңі шеңберінде Яндекс Карталарында Kazakh Tourism Алматы және Астана қалаларының тұрғындары мен қонақтарына баруды ұсынатын 18 эксклюзивті орын топтамасы пайда болды.

«Қазақстанның цифрлық платформаларға қатысуын арттыру – ұлттық компанияның басты міндеттерінің бірі. Сондықтан технологиялық компаниямен стратегиялық серіктестік және Қазақстанның танымал жерлері туралы ақпаратты ең танымал картографиялық сервистердің бірінде орналастыру орынды және өзекті», – деп апа өтті ҚР Туризм және спорт вице-министрі Е. Еркінбаев.

Әр топтама белгілі бір тақырыпқа бағытталған, мысалы: дәстүрлі мейрамханалар, таңғы ас ұсынатын кафелер, панорамалық көріністері бар орындар, достармен кездесуге арналған орындар, жергілікті брендтер дүкендері және түнгі өмір шоғырланған локациялар.

Топтамалар Almaty Tourism Bureau және Visit Astana деректеріне негізделген және қазақ, ағылшын, орыс тілдерінде қолжетімді. Топтамалар тізімі жыл бойы толықтырылады.

Оларды көру үшін «Яндекс Карты» қосымшасына кіріп, іздеу жолағын басып, «Топтамалар» санатын ашсаңыз болғаны. Қосымшадағы әр орынға дейін жаяу, көлікпен немесе қоғамдық көлікпен жетуге болатын бағдар құруға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале