1.11.2024, 16:05
Оқылды: 54

Kazakhstan Global Investment Roundtable: Қазақстан әлемдік БАҚ назарында

Туризм және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев Kazakhstan Global Investment Roundtable аясында ұйымдастырылған іс-шарада шетелдік БАҚ өкілдерімен кездесті. Іс-шараның мақсаты – халықаралық ынтымақтастықты нығайту әрі елдің туристік саласын дамыту. Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

b4d2e9d6-45b2-4bbf-97c8-7262ba4cdbc8
Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

Жиынға Швейцария, Нидерланд, Италия, Түркия, Қытай, Қырғызстан және басқа да елдердің жетекші БАҚ өкілдері қатысты. Ержан Еркінбаев іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның туристік саладағы жетістіктері мен даму әлеуеті жөнінде айтып берді.

Сондай-ақ вице-министр халықаралық ынтымақтастықтың туризмді тұрақты дамыту және инвесторлар үшін қолайлы жағдай жасаудағы маңызын атап өтті.

«Біз инвестиция көлеміне қарамастан әрбір инвесторға жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз. Қазақстан туристік инфрақұрылымды дамытуды жалғастырып келеді: қазірдің өзінде 449-ға жуық жоба іске асырылды, алдағы уақытта 300-ге жуық жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл қадамдар Орталық Азияда тікелей шетелдік инвестицияларды тартудағы еліміздің жетекші ұстанымдарын сақтауға және халықаралық аренада ықпалды күшейтуге бағытталған», – деді Е. Еркінбаев.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале