Бүгін Орал қаласында орналасқан «Орал» спорт кешенінде «Батыс» өңірлік қолбасшылығының өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімдердің әскери қызметшілері арасында қазақ күресінен жарыс басталды.
Аталмыш жарысқа Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жаңаөзен және Орал қаласының спортшылары қатысуда.
Жарыстың ашылу салтанатына Орал қаласы әкімінің орынбасары Арсен Ғұбашев, ҚР Ұлттық ұланы "Батыс" өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Бекайдар Қазкеев, әскер ардагерлері және өзара іс-қимыл жасайтын органдар басшылары қатысты.
Аталмыш жарыс ағымдағы жылдың 17 ақпаны күні өз мәресіне жететін болады.
Айта кетейік, осы жарыстың жеңімпаздары ағымдағы жылдың наурыз айында Семей қаласында қазақша күрестен өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан чемпионатына қатысатын болады.
ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі