10.02.2023, 10:16
Оқылды: 157

Қазақстан 7 елге 10 жаңа әуе бағытын ашты

Қазақстан 2022 жылы 7 елге 10 жаңа әуе бағытын ашты. Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм комитеті хабарлады.

b0cddc592ec350c03798061bfe01a3e7_1280x720

Фото: ҚР Мәдениет және спорт министрлігінен

2022 жылы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің нәтижелі жұмысының арқасында 7 елге 10 жаңа әуе бағыты ашылды.

Енді қазақстандықтар Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нячанг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Маэ аралы (Сейшел аралдары) мен Түменге (Ресей) тікелей қатынай алады.

Жаңа бағыттардың ашылуы елге шетелдік туристердің көптеп келуіне де оң әсер етті.

Мысалы, өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты.

«Қазір Туризм комитеті жаңа әуе бағыттарын ашу бойынша жұмыс істеп жатыр. Ұйымдастыру шаралары аяқталған кезде біз жұртшылықты хабардар етеміз. Тікелей рейстердің ашылуы еліміздің туристік тартымдылығын арттыратыны сөзсіз. Мысалы, былтыр Атырау облысына барған туристер саны 3,5 есе өскен. Бұл өңірдің транзиттік әлеуетіне де байланысты. Қазақстанға келген әрбір 4-ші турист Алматы қаласына барады. 2022 жылы оңтүстік астанамыз 1,2 млн. астам турист қабылдаған. Бұл рекордтық көрсеткіш. Еліміздегі тау шаңғысы курорттарына келген туристер саны 1,5 миллионға дейін жетті. Жыл сайынғы өсім 20% құрады. Еліміздегі тау шаңғысы туристерінің саны жағажай туристерінің санымен теңесті», - деп атап өтті Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале