2021 жылдан бері бүгінге дейін әйелдер құрамасын Шамиль Сафиуллин баптаған.
Сайдалин – әйелдер боксында бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан маман.
Атап айтар болсақ, 2020 жылы еліміздің жастар құрамасының тізгінін ұстаған. 2022 жылғы әлем чемпионатына ол бастап барған арулар құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 3 қола жүлдеге ие болған.
Қазір жаңа бапкер мен Ұлттық құраманың мақсаты - мамыр мен маусым айында Таиландта өтетін лицензиялық турнирде сәтті өнер көрсету. Бүгінде әйелдер құрамасының еншісінде Азия ойындарында Ибрагимова (57 келі) жеңіп алған бір жолдама бар.