Дүниежүзілік алтын кеңесінің есебі бойынша, Қазақстан 2015-2024 жылдар аралығында ең көп алтын қорын жинаған елдер ішінде 6-орынға жайғасты. Елдегі алтын қоры 112,2 тоннаны құрайды. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.
Сурет: freepik.com
Әлем елдері арасында алтын қоры бойынша Қытай көш бастап тұр – 1208,4 тонна. Бұл жылдары Ресей де алтын қорын біршама толықтырған. Көрші мемлекеттің қорында 1094,5 тонна алтын бар. Үшінші орында – Түркия. Бұл елдің алтын қоры 454,2 тоннаға толыққан.
Әлемдік геосаяси жағдайдың одан әрі шиеленісе түсуі мен қаржы нарығының құбылуы алтынға деген сұранысты одан әрі күшейтіп отыр.