22.08.2024, 12:45
Оқылды: 192

Қазақстан аумағына бидай әкелуге тыйым салынды

Жыл басынан бері елге 1,3 млн тонна бидай сырттан кірген. Бұл өткен жылдың бір жылдық көлеміне тең. Ал Қазақстанның ішкі нарығында өткен жылғы егіннің бидай қоры жеткілікті. Қазір қамбада 5 млн тоннадан аса бидай бар. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

9D93D11C-9FEF-4274-94EF-A96FE8240505

Сурет: pixabay.com

Биыл астықтың жақсы өнімділігі болжанып отыр. Сондықтан ішкі нарықты қорғау және кері экспорттау фактілерін болдырмау мақсатында ел аумағына көліктің барлық түрімен бидай әкелуге тыйым салынбақ.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы бүгіннен бастап күшіне енді және 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале