30.07.2025, 22:00
Оқылды: 77

Қазақстан аумағында сирек жануарлар фототұзаққа түсіп қалды

"Алтын-Емел" ұлттық паркі аумағындағы фототұзақтарға Қазақстанның Қызыл кітабына енген сирек жануарлар түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

photo_131062.j111111

Сурет: tengrinews.kz

Видео ұйымның Instagram-парақшасында жарияланды. Атап айтқанда, осы көктемде камералар қар барысы мен қарақұйрықты түсіріп алған.

"Бұл деректер сирек жануарлардың парк аумағында тұрақты мекендейтінін және оларды сақтау шараларының оң нәтиже беріп жатқанын дәлелдейді", – делінген ұлттық парк хабарламасында.

"Олардың көмегімен жануарлардың қозғалыс бағытын қадағалауға, мекендеу аумағын анықтауға, популяция санын бағалауға және оларды қорғау бойынша тиімді шаралар әзірлеуге болады. Қар барысының кадрға түсуі – ерекше маңызды оқиға, себебі бұл жыртқыш Қазақстанда өте сирек кездеседі. Оның белгілі бір аумақта тіркелуі – елдегі биологиялық әртүрлілікті сақтауға бағытталған маңызды қадам", – делінген парк мәлімдемесінде.

Ұлттық парк өкілдері фототұзақтардың ғылыми зерттеулер үшін үлкен мүмкіндік беретінін де еске салды.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале