22.11.2022, 17:15
Оқылды: 38

Қазақстан ауылдарында өлім-жітім төмендеді - министрлік

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанның ауылдарында өлім-жітім көрсеткішінің төмендегенін тіркеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді.

"Медициналық-демографиялық жағдай тұрақты. Ресми статистика бойынша ауылдардағы денсаулық көрсеткіштері жақсарып, өлім-жітім 21,3 пайызға төмендеген.

Ауыл тұрғындарының денсаулығын талдау барысында тыныс алу органдары ауруы көп кездесетіні анықталды - 42,7 пайыз (2021 жылы - 100 мың халыққа 17164,4), одан кейінгі орында ас қорыту - 9 пайыз (2021 ж. - 3626,6)", - деді Ғиният.

Денсаулық сақтау министрлігі басшысының мәліметінше, ауылда 8 миллионға жуық адам тұрады, бұл ел халқының 41 пайызы. 5 мыңнан аса медициналық ұйым ауыл тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале