22.11.2022, 13:00
Оқылды: 181

Қазақстан ауылдарындағы медицина мекемелерінің жартысынан көбі тозған

Қазақстанның ауылдарындағы 400 медицина мекемесі жалдамалы, апатты, бейімделген ғимараттарда орналасқан. Бұл туралы үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
1

Ол мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Денсаулық сақтау министрлігі ауылдардағы барлық медицина мекемелеріне түгендеу жүргізгенін атап өтті.

"200 елді мекенде медицина мекемесі жоқ, 400-ге жуық медицина мекемесі жалдамалы, апатты, бейімделген ғимараттарда орналасқан. Ауылдардағы алғашқы медициналық-cанитарлық көмек инфрақұрылымының 50%-дан астамы тозған".

Денсаулық сақтау министрі Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасында ауылдарда кәсіби мамандармен және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген 700 жаңа медицина мекемесін ашу көзделгенін айтты.

Сонымен қатар республикалық жоба аясында 655 АМСК нысандары мен ұйымдарын, 32 көпсалалы орталық аудандық ауруханаларды салу жоспарланып отыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале