18.12.2021, 15:49
Оқылды: 88

Қазақстан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында нешінші орында

Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан 2021 жылғы Әлем чемпионаты өтті. Қазақстанның атынан шыққан Арли Чонтей «алтын» олжалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

211218095542664e
Жалпы командалық медальдар саны бойынша Қазақстан құрамасы 11-орынға жайғасты. Оңтүстік Корея командасы (төрт алтын, бір күміс және екі қолда медаль) көш бастап тұр, екінші орында – Өзбекстан (екі алтын және үш күміс медаль). Үздіктер үштігін Тайланд (екі алтын, екі күміс және бір қола медаль) түйіндеген.

Медальдар саны:

  1. Оңтүстік Корея — 4-1-2 (7)
  2. Өзбекстан — 2-3-0 (5)
  3. Тайланд — 2-2-1 (5)
  4. Колумбия — 1-4-0 (5)
  5. Грузия — 1-1-1 (3)
  6. Иран — 1-1-1 (3)
  7. Қытайлық Тайбэй — 1-1-0 (2)
  8. АҚШ — 1-1-0 (2)
  9. Болгария — 1-0-1 (2)
  10. Украина — 1-0-1 (2)
  11. Қазақстан — 1-0-0 (1)
  12. Мысыр — 1-0-0 (1)
  13. Индонезия — 1-0-0 (1)
  14. Моңғолия — 1-0-0 (1)
  15. Тунис — 1-0-0 (1)
  16. Армения — 0-1-2 (3)
  17. Ұлыбритания — 0-1-1 (2)
  18. Жапония — 0-1-1 (2)
  19. Албания — 0-1-0 (1)
  20. Нигерия — 0-1-0 (1)
  21. Қатар — 0-1-0 (1)
  22. Ресей — 0-0-3 (3)
  23. Молдова — 0-0-1 (1)
  24. Норвегия — 0-0-1 (1)
  25. Сауд Арабиясы — 0-0-1 (1)
  26. Швеция — 0-0-1 (1)
  27. Түркия — 0-0-1 (1)
  28. Венесуэла — 0-0-1 (1)
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале