17.12.2024, 10:00
Оқылды: 242

Қазақстан ауыр атлетикадан Әлем чемпионатында үздік үштік қатарында

Манама қаласында (Бахрейн) өтіп жатқан ауыр атлетикадан ерлер және әйелдер арасындағы әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстандық атлеттер 2 алтын, 1 күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық арна жазды.

IMG_5345

Сурет: Ұлттық арна

Араға 10 жыл салып, 96 келіде Нұрғиса Әділетұлы чемпион атанды. 102 келіде Артем Антропов топ жарды. Ал Алексей Чуркин өз мансабында екінші мәрте Әлем чемпионатының жүлдесін иеленді.

Барлығы 92 мемлекет қатысқан бәсекенің жалпы жүлде кестесі:

1.Солтүстік Корея - 9 алтын, 5 күміс, 2 қола

2.Қытай - 4 алтын, 2 күміс, 3 қола

3.Қазақстан - 2 алтын,1 күміс

Бұған дейін 1993 жылдан бері қазақстандық спортшылар әлем чемпионатында 17 алтын, 9 күміс, 8 қола жүлдеге қол жеткізген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале