"Дурресте (Албания) ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстандық команда төрт марапатқа ие болды", деп хабарлайды ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті.
Алтын медальдарды Ерасыл Сәулебеков (73 келіге дейін) және Никита Абдрахманов (102 келіге дейін) жеңіп алды.
Нұрдос Сабыр (89 келіге дейін) екінші нәтиже көрсетті. Сондай-ақ, Таисия Алексеева (64 келіге дейін) әлем кубогын "күміспен" аяқтады.