11.02.2024, 10:00
Оқылды: 46

Қазақстан азаматтары заң бойынша өз есімін өзгерте ала ма?

Қазақстан азаматтары заң бойынша өз есімін өзгерте ала ма? Өзгертуге құқылы болса, оның әрекет алгоритмі қандай болуы керек? Әділет министрлігі Ulysmedia.kz порталының осы сауалына жауап жолдады.

IMG-20240211-WA0015Коллаж: ulysmedia.kz

– Заңға сәйкес, атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар он алты жасқа толған және атын және (немесе) әкесінің атын, тегін ауыстырғысы келетін адамның жеке өтініші бойынша жүргізеді, – делінген жауапта.

Неке (ерлі - зайыптылық) және отбасы туралы кодекс бабында есімін өзгерту үшін негіздердің толық тізімі келтірілген.

Есім: 

  • оғаш естілген кезде;
  • айтуға қиындық келтірсе;
  • өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келсе;
  • құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келсе;
  • жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.

– Қызмет көрсету тәртібі қағидаларымен реттеледі. Құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 5 (бес) жұмыс күні, қызмет ақылы 1 932 теңге, – делінген жауапта.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале