27.09.2024, 12:15
Оқылды: 104

Қазақстан бокс федерациясы World Boxing ұйымына кіруге өтінім берді

Қазақстан бокс федерациясы ұзақ талқылаулар мен сараптаманың нәтижесінде маңызды шешім қабылдады. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

85CF9CDF-B831-4EF3-8B53-908D1B573CDD

Сурет: olympic.kz

Қазақстан World Boxing ұйымының қатарына қосылу үшін ресми өтініш берді. 

Бұл шешім бірінші кезекте отандық боксшылардың Олимпиадалық болашағымен тікелей байланысты. 

«Қазір бокстың Олимпиада бағдарламасында қалу мәселесі ХОК деңгейінде талқыланып жатыр. Боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында сақтап қалу мақсатында барлық елдермен ортақ жұмыс жасауға дайынбыз. 

Бұл шешім боксты одан әрі дамытуға мүмкіндік береді деп санаймыз.

World Boxing Олимпиадалық Комиссиясының төрағасы, Ұлттық Олимпиадалық Комитет президенті Геннадий Головкинмен кездесу барысында Отандық бокстың даму жолдарын талқыладық» - деді Шахмұрат Мүтәліп.

World Boxing – Халықаралық бокс федерациясы. Бұл ұйым 2023 жылдың сәуір айында құрылған. Қазіргі уақытта оның құрамына 44 елдің ұлттық федерациясы енген.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале