Қырғыз Республикасының Шу облысында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында жас волонтерлерге арналған халықаралық мектеп өтіп жатыр. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Суреттер: министрліктен
Аталған іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Түрікменстан және Өзбекстаннан 100-ге жуық қатысушы жиналды.
Іс-шараға волонтерлік ұйымдардың, мемлекеттік құрылымдардың, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ ТМҰ елдерінің белсенді азаматтары мен жастары қатысуда.

Мектеп халықаралық ынтымақтастықты нығайту және еріктілік саласындағы озық тәжірибемен алмасу үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады.

Мектеп аясында қатысушылар келесі бағыттар бойынша білім ала алады: