13.10.2023, 16:15
Оқылды: 77

Қазақстан драма театрларының ХХІХ республикалық фестивалі басталды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Петропавл қаласында көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерi Темiрбек Жүргеновтiң 125 жылдығына арналған Қазақстан драма театрларының XXIX республикалық фестивалi өтіп жатыр.

795020c2-30e8-49e3-99f9-19b7eb823ad6

Мәдениет және ақпарат министрлігінің хабарлауынша, шараны Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігімен бірлесе отырып ұйымдастырды.

Фестивальдің ашылу салтанатына Мәдениет комитетінің төрағасы Күміс Қарсақбайқызы Сейітова қатысып, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның арнайы құттықтауын жеткізді.

aa529332-6bdd-4ae3-813e-6a72f5235c0e

Сонымен қатар, шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Торсанұлы Нұрмұхамбетов және Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов бастаған бір топ театр майталмандары қатысты.

Шараның бағдарламасы бойынша қойылымдар С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театры мен Н.Погодин атындағы орыс драма театрының сахналарында өтіп жатыр.

091e6db5aa4619c461c24813f10734cb_1280x720

Театр фестиваліне сарапшылар кеңесінің шешімімен іріктеуден өткен
10 театр қатысып жатыр.

  1. Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық академиялық қазақ драма театры;
  2. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театры;
  3. Бикен Римова атындағы Талдықорған драма театры;
  4. Серке Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ драма театры;
  5. Нұрмұхан Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театры;
  6. Түркістан музыкалық драма театры;
  7. Алматы қаласының «Мемлекеттік Қуыршақ театры»;
  8. Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театры;
  9. «А.И.» театры;
  10. «Шам» театры. 

Көрермендер А.Чеховтың «БАҚ» (реж: Ұ.Қарыпбаев), Э.Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» (реж: Д.Жұмабай), И.Иманның «№37» (реж: Ф.Молдағали), М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» (реж: Г.Мирғалиева), Ш.Құдайбердіұлының «Ұждан» (реж: А.Нигманов), Ф.Г. Лорканың «Бернарда Альбаның үйі» (реж: Д.Жұмабай), Г.Хугаевтың «Қара шекпен» (реж: Е.Кәрібаев), А.Нүсіптің «Мағжан» (реж: D.Livermore), О.Бөкейдің «Атау-кере» (реж: А.Салбан), М.Мағауиннің «Шақан шері» (реж: М.Хабибуллин) спектакльдерін тамашалай алады. 

Қойылымдарды белгілі театр сыншыларынан құралған қазылар алқасы бағалайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале