6.02.2023, 15:00
Оқылды: 38

Қазақстан дзюдодан әлемдік Grand Slam жарысын өткізеді

Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) әлемдік Grand Slam жарысын Қазақстанда өткізу туралы төртжылдық келісімшартқа қол қойды, деп жазады qazsporttv.kz.

1675620076466

Фото: qazsporttv.kz

Парижде өтіп жатқан Grand Slam жарысы аясында Қазақстан дзюдо федерациясы мен Халықаралық дзюдо федерациясының ресми кездесуі өтті. Кездесуге Халықаралық дзюдо федерациясының президенті Мариус Визер, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев қатысты.

Екіжақты келісімшартқа сәйкес, Қазақстан әлемдік Grand Slam жарысын 2023-2026 жылдар аралығында қабылдайды. Жарыс Астана және Алматы қалаларында «Qazaqstan barysy Grand Slam» атауымен өткізіледі. Сондай-ақ, жарыс аяқталғаннан кейін жыл сайын тұрақты түрде халықаралық оқу-жаттығу лагері ұйымдастырылады.

Өз кезегінде, Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеев Мариус Визер мырзаға сенім білдіргені үшін алғыс білдіріп, жарысты жоғары деңгейде өткізетінін мәлімдеді.

Grand Slam – Халықаралық жарыс күнтізбесіне сәйкес IJF World Tour аясында өткізілетін әлемдік жарыстар сериясы. IJF ережесі бойынша, жарыс жеңімпазы мен жүлдегерлеріне әлемдік және олимпиадалық рейтингтерде ұпай үлестіріледі. Атап айтқанда, 1-орынға 1000, 2-орынға - 700, ал 3-ші орынға 500 ұпайдан беріледі.

«Qazaqstan barysy Grand Slam» жарысында дзюдошылар 2024 жылғы Париж және 2028 жылғы Лос-Анджелесте өтетін жазғы Олимпиада ойындарына ұпай жинайды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале