22.08.2025, 17:30
Оқылды: 92

Қазақстан егістігі – тиімді дақылдарға бет бұрды

Президенттің ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі еселеу жөніндегі тапсырмасын орындауға арналған Жол картасы аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс алқаптарын әртараптандыру шараларын күшейтіп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі жазды
_gluster_2025_8_22_6edc04dcf806a8edb28352997d4396ed_1280x720
Сурет: gov.kz

2025 жылы еліміздегі жалпы егіс көлемі 322,8 мың га-ға артып, 23,6 млн га-ға жетті (2024 жылы – 23,3 млн га). Соның ішінде дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар алқабы 630 мың га-ға азайып, 16 млн га-ны құрады, ал бидай егістігі 884,6 мың га-ға қысқарып, 12,3 млн га болды.

Босатылған жерлер анағұрлым табысты дақылдарға берілді. Күнбағыс рекордтық 1,8 млн га аумақта егілді – бұл өткен жылмен салыстырғанда 481,5 мың га артық. Картоп егістігі де өсім көрсетіп отыр: көлемі 9,3 мың га-ға артып, 131,2 мың га-ға жетті. Оның ішінде ұйымдасқан шаруашылықтардағы өсім 12,5 мың га құрап, 84,5 мың га-ға жетті.

Сонымен қатар суармалы дақылдар алқабы азайтылуда. 2025 жылы мақта 144,5 мың га жерге егілді, оның ішінде 50 мың га тамшылатып суарумен қамтылған. Қызылорда облысында күріш алқабы 85,6 мың га-дан 80,9 мың га-ға дейін қысқарды.

Егісті әртараптандыру ішкі азық-түлік балансын нығайтуға, жекелеген дақылдарға тәуелділікті азайтуға, агроөнеркәсіптік кешеннің тұрақтылығын және фермерлердің табысын арттыруға мүмкіндік береді. Ал жер ресурстарын неғұрлым ұтымды пайдалану елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізіне айналуға тиіс.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале