24.07.2022, 19:08
Оқылды: 45

Қазақстан экспорттайтын позициялардың бағасы қаншалықты өсті

Мемлекеттік кірістер комитетінде Қазақстандағы салық түсімдерінің өсуіне әсер еткен негізгі факторлар аталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

220719125136874e

«2022 жылдың алты айында өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға бағаның , оның ішінде мұнай - 65,9%-ға, алюминий - 36,9%-ға, мырыш - 35,4%-ға, қорғасын -9,4%-ға, мыс -7,3%-ға және алтын -3,6%-ға өсуі байқалады»,- деп хабарлады ведомстводан.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметінше, шикі мұнайдың экспорттық кедендік баж салығы 52,9%-ға өсті (2021 жылдың алты айында орташа мөлшерлеме 1 тоннаға 56,7 долларды, 2022 жылдың алты айында 1 тоннаға 86,7 долларды құрады).
Бұған дейін 2022 жылдың алты айында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 106,4 пайызға орындалғаны хабарланған болатын.

Жоспар бойынша салық түсімі 6 718,0 млрд теңге болса, 7 150,1 млрд теңге түскен. Яғни, 432,2 млрд теңгеге артық орындалды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 2 281,0 млрд теңгені немесе 1,5 есе көп.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале