София (Болгария) қаласында өтіп жатқан ірі халықаралық "Странджа" кубогі өз мәресіне жетті. Ұлттық олимпиада комитетінің хабарлауынша, бұл жарыста Қазақстан ерлер құрамасы бес алтын медаль жеңіп алған.
Фото: olympic.kz
Жеңіс тұғырының ең жоғары сатысына көтерілгендер:
- Ертуған Зейнуллинов (63,5 келі)
- Төрехан Сабырхан (67 келі)
- Абылайхан Жүсіпов (71 келі)
- Сабыржан Аққалықов (75 келі)
- Бекзат Нұрдәулетов (86 келі)
Күміс жүлдегер атанғандар:
- Даниял Сабит (51 келі)
- Тимур Қабдешов (54 келі)
- Серік Теміржанов (60 келі)
- Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі)
- Фарух Тоқтасынов (71 келі)
- Тимур Нұрсейітов (75 келі)
- Нұрбек Оралбай (86 келі)
- Айбек Оралбай (92 келіден жоғары)
Қола жүлдені иеленгендер:
- Теміртас Жүсіпов (48 келі)
- Оразбек Асылқұлов (57 келі)
- Талғат Сырымбетов (60 келі)
- Данияр Рахымбердиев (92 келі)
Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. Екінші орында – Өзбекстан, үшінші орында – Болгария.
Әйелдер құрамасы Болгарияда бір ғана алтын медаль жеңіп алды. Жеңісті ел қоржынына Ләззат Күнгейбаева (81 келіден жоғары) салды.
Күміс жүлдегерлер:
- Әйгерім Сәттібаева (48 келі)
- Әнел Сақыш (54 келі)
- Айдана Забынбекова (57 келі)
- Римма Волосенко (60 келі)
- Жібек Жарасқызы (81 келі)
- Дина Исламбекова (81 келіден жоғары)
Қола жүлдегерлер:
- Элянур Турганова (50 келі)
- Жансая Рахымберді (52 келі)
- Жазира Орақбаева (52 келі)
- Сымбат Алиасқар (54 келі)
- Лаура Есенкелді (63 келі)
- Гаухар Шайбекова (66 келі)
- Азиза Исина (70 кг)
- Шұғыла Нәлібай (75 келі)