11.09.2025, 11:38
Оқылды: 90

Қазақстан - Еуропа мен Азияның арасын байланыстыратын көпір

"10–11 қыркүйек күндері Алматыда Third CANSO Euro-Asia ANSP’s CEO Summit өтіп жатыр. Оған Еуропа мен Азияның аэронавигациялық провайдерлері мен халықаралық авиациялық ұйымдардың басшылары қатысуда", - деп хабарлайды ҚР көлік министрлігі.
_gluster_2025_4_15_771f1cc60b5aec6c78bc23384840c211_1280x720
Фото: www.gov.kz
Осындай деңгейдегі іс-шараның елімізде өтуі Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы стратегиялық авиациялық көпір ретіндегі рөлін айқындайды және ұлттық аэронавигациялық жүйеге халықаралық сенімнің жоғары екенін көрсетеді.
Кеңесте негізгі тақырыптар қаралуда:
  • әуе қозғалысын басқару (ATFM) жүйесін енгізу және деректер алмасу;
  • авиатасымал тиімділігін арттыру, KPI келісу;
  • әуе қауіпсіздігін басқаруда заманауи тәсілдер.
 2024 жылғы көрсеткіштер:
  • 446 мыңнан астам ұшуға қызмет көрсетілді (+8%);
  • жолаушылар саны 29,7 млн адамға жетті (+14%);
  • жүк рейстері 25,1 мыңға жетіп, 55%-ға өсті.
Ел аумағындағы барлық әуе қозғалысына жауапты «Қазаэронавигация» РМК халықаралық деңгейде сенімді әрі қауіпсіз қызмет көрсетіп келеді.
EUROCONTROL мен IATA болжамынша, 2050 жылға қарай Еуропа–Азия бағыты ең жылдам дамитын авиатасымал нарығына айналады.
Еліміз транзиттік қызмет көрсетумен шектелмей, аэронавигацияда жаңа сапа мен қауіпсіздік стандарттарын қалыптастырып, Батыс пен Шығысты жалғайтын сенімді авиациялық көпірге айналуда.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале