24.01.2024, 9:45
Оқылды: 54

Қазақстан командасының аға бапкері Илья Мизерныхтың тарихи жеңісіне қатысты пікір айтты

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан командасының аға бапкері Қайрат Биекенов жас спортшы Илья Мизерныхтың Канвондағы тарихи жеңісіне қатысты пікір бөлісті.

Бұл туралы туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

8709501e-13d8-43b8-be91-872e7858ca02
Фото: olympickz

Олимпиада басталмай тұрып, Биекенов тап осы Илья Мизерныхтан үміт күтетінін айтқан болатын. Білікті бапкердің болжамы шындыққа айналып, Илья аталған спорт түрі бойынша жасөспірімдер Олимпиадасының чемпионы атанды.

«Ильяның жеңісіне бәріміз қуанып жатырмыз. Бұл Қазақстан үшін де, еліміздегі шаңғымен тұғырдан секіру спортшы үшін де үлкен жетістік. Иә, сізге берген сұхбатымда дәл осы атлеттің жүлдеге таласатынын айттым. Өйткені, Ильяны осы ойынға мақсатты түрде дайындадық.

Оны жастығына қарамай, ересектер құрамасына қостық. Былтырғы қарашадан бастап ол ересектер арасындағы әлем кубогі кезеңдеріне қатысып, тәжірибе жинай бастады. Әлем кубогында жиған тәжірибелі Ильяға көмек болғаны сөзсіз», - дейді Биекенов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале