29.09.2022, 16:45
Оқылды: 44

Қазақстан көмірі Еуропаға экспортталып жатыр

Қазақстан көмірі Ресей арқылы Еуропаға жеткізіліп жатыр. Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

1

«Өткен аптада Мәскеуде болып, ресейлік әріптестеріммен кездестім. Қазақстан көмірін Ресей арқылы транзитпен Еуропаға жіберуді уағдаластық. Осы орайда, 500 мың тонна көмір жөнелтілмек. Атап айтқанда, осы мәселе шешімін тауып отыр», - деді С. Жұманғарин Сенатта тілшілер сауалына жауап беріп.

Бұл тұрғыда ол еліміздің көмірі Еуропаға сатылып жатқанын атап өтті.

«Ішкі нарықты қамтамасыз ету үшін көмір жеткілікті, сондықтан экспортты көбейту керек. Еуропаға көмірді ERG компаниясы жеткізетін болады», - деді министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале