Тілеулес Темірлан ХХХІІ Дүниежүзілік жазғы Универсиаданың қола жүлдегері атанды, - деп жазады Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Сурет: gov.kz
Қазақстандық спортшы таеквандо жарысының жартылай финалында Украинадан келген спортшымен кездесіп, қарсыласына есе жіберді. Нәтижесінде үшінші орынды иеленіп, қола медальді қанжығасына байлады.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының еншісінде 4 қола медаль бар.