15.01.2025, 11:00
Оқылды: 80

Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

Турин қаласында өтіп жатқан ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.  

7a290a35ebe836cea003d200f06fabec_1280x720

Сурет: gov.kz

Фристайл-могулдан жарысқа қатысқан отандасымыз, Қазақ спорт және туризм академиясының 3 курс студенті Анастасия Городко 79,79 ұпаймен жеңімпаз атанып, Қазақстанға алғашқы алтын медальді әкелді. Екінші орынды жапониялық Харуко Накао (76,29 ұпай) алса, үздік үштікті германиялық Ханна Уисе 75,04 ұпаймен қорытындылады.

Финалда өнер көрсеткен тағы бір отандасымыз, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 1 курс докторанты Аяулым Әмренова 5-орынға тұрақтады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале