Алматыда өтіп жатқан Универсиада ойындарында Қазақстан шаңғышысы Анна Шевченко үшінші орынға табан тіреді.
5 шақырымға созылған классикалық стильдегі шаңғы жарысында бастапқы жүлделі екі орынды ресейлік спортшылар жеңіп алды. Атап айтқанда, алтын медаль Лилия Васильева, ал күміс Анна Нечаеваға бұйырды. Қола медаль Қазақстан шаңғышысы Анна Шевченконың еншісінде.
Айта кетерлігі, Аннадан бөлек еліміздің атынан бұл жарысқа тағы 5 шаңғышы қатысқан болатын. Шаңғы жарысы. Қыздар арасында. 5 шақырым. Классикалық стиль