19.01.2022, 16:30
Оқылды: 54

Қазақстан қосымша 5 млн доза вакцина сатып алады

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният ОКҚ брифингінде Қазақстандағы КВИ-ға қарсы вакцинация және ревакцинация мәселесіне, препараттардың жеткіліктілігіне түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

01

"Бізде шамамен 5 млн доза вакцина бар: оның 2,8-і вакцинацияға, 2 млн-ы ревакцинацияға арналған. Барлық емханаларда вакцинация және ревакцинацияға арналған препараттар бар. Биылғы жылы осы вакциналарға қосымша 5 млн доза вакцина сатып алуды жоспарлап отырмыз. Вакцинация және ревакцинация жоспарлы түрде жүргізіледі",-деп тоқталды ҚР Денсаулық сақтау министрі.

Қазіргі уақытта ведомство "Синофарм "вакцинасының 2 млн дозасын сатып алу туралы келіссөздер жүргізуде.

Бүгінгі таңда І компонент 9,5 млн-нан астам адамға салынды, тиісті ересек тұрғындарды қамту 79,6%-ды құрады, ІІ компонент 8,8 млн-нан астам адамға салынып, тиісті ересек тұрғындардың 75,8%-ын қамтыды. Республика бойынша қайта вакцинациялауға жататын халықтың 26,8%-ы қамтылды.

Қазақстанда COVID-19 вакцинациясы мен ревакцинациясы үшін "Гам-КОВИД-Вак "(Спутник V)," QazVac " (QazCovid-in) , Comirnaty (Pfizer) және Vero Cell (Sinopharm) вакциналары қол жетімді.

Бұдан басқа, ағымдағы айда "Спутник Лайт" вакцинасының 150 мың дозасы өтеусіз негізде жеткізіледі.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале