12.05.2023, 9:31
Оқылды: 22

Қазақстан құрама командасы математикадан халықаралық 40-шы Балқан олимпиадасына қатысуда

Биыл математикадан халықаралық Балқан олимпиадасы Түркияның Анталия қаласында өтуде. 40-шы олимпиадаға Балқан түбегінің 22 елінен және қонақ мемлекеттерден 130-дан астам қатысушы қатысып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан құрама командасы да бар, деп жазады ҚР Оқу-ағарту министрлігі.

f4ebdd5ed5a265039875ef1f5d229f3e_1280x720

«Олимпиада - математика пәнінен дарынды оқушыларды ынталандыру және оларды шыңдауды көздейді. Сондай-ақ қатысушы елдердің өз арасында мектеп бағдарламалары мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасуға мүмкіндік жасалған. Қазақстан бұл олимпиадаға жыл сайын қонақ ретінде қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүр», - дейді «Дарын» РҒПО директоры Ғаждембек Тұрсынов.

Қазақстан атынан қатысқан құрама командада 6 оқушы бар. Олар оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша ең жоғары ұпай жинаған үздіктер.

Айта кетейік, 40-шы Балқан математикалық олимпиадасының қорытындысы 13 мамырда белгілі болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале