24.07.2023, 17:45
Оқылды: 7

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында үздік бестікке кірді

Қазақстан құрамасы үшін Оңтүстік Кореяның Чханвон қаласындағы нысана көздеуден əлем чемпионаты аяқталды. Бұл туралы спортты дамыту дирекциясы хабарлады.

c7NAReQzCZ4e25nFC8wE1hO1AA03LolEiKk4Q1y3

Бүгін біздің мергендер тағы 4 медаль (2 алтын, 2 қола) жеңіп алды.

Жылжымалы нысана көздеуде (10 м, ауыспалы ритм) Қазақстан әйелдер құрамасы қарсылас шақ келтірмей, тағы əнұранымызды шырқатты. Ел намысын әпкелі-сіңлілі Зухра және Фатима Ирназарова мен Александра Садуакасова қорғады.

IMG_20230724_113159_863

Ал осы бағдарламаның жекелей сынында Фатима Ирназарова алтыннан алқа тақса, Зухра Ирназарова қола жүлдегер атанды.

Ал жылжымалы нысана көздеуде (10 м, ауыспалы ритм) Қазақстан ерлер құрамасы Украина мен Финляндиядан кейін 3-сатыға тұрақтады. Асадбек Назиркульев, Илья Зотеев, Даниил Яковенко жылдам және жай жылжитын нысанаға оқ атып, 1080 ұпай жинады.

Қазақстан спортшылары Чханвонда барлығы 4 алтын, 4 күміс жəне 2 қола медальге ие болып, жалпы есепте үздік бестікке кірді. Жасөспірімдер арасындағы биылғы бəсекеге 45 мемлекеттен 600-ге жуық атлет қатысып жатыр. Қазақстандықтар тек 3 санатта бақ сынады. Олар: винтовка (əйелдер), тапанша (ерлер), жылжымалы нысана (ерлер, əйелдер). Əлем чемпионаты ертең мəресіне жетеді.

Фото: спортты дамыту дирекциясының instagram парақшасынан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале