Ұлттық құрама сапынан алғаш болып Аяна Жолдас жарыс жолына шықты. Ол жекелей сайыстың іріктеу кезеңінде бақ сынады, деп хабарлайды olympic.kz
Нәтижесінде отандасымыз бірінші іріктеуде 61.11 ұпай жинаса, ал екінші іріктеуде 57.10 ұпай еншіледі. Осылайша қос кезеңде де 17-орынға тұрақтады. Ал жалпы есепте 21-орынға ие болды.
Айта кетейік, финалға әр кезеңде үздік алтылыққа енген спортшылар жолдама алды.

Сурет: Тұрар Қазанғапов, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі