5.07.2024, 11:00
Оқылды: 104

Қазақстан құрамасы географиядан Еуропалық олимпиадада алты медаль жеңіп алды

Сербияның Белград қаласында EGeO географиядан Еуропалық олимпиадада Қазақстан құрамасы алты медаль жеңіп алып, тамаша нәтиже көрсетті. Команда 100% көрсеткішке жетті, бұл біздің оқушылардың дайындығының жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі жазды.

00ACCA50-D791-42B5-A791-292FCE810FFF

Фото: министрліктен

Кұрама команда нәтижесі: Сыдыков Арсен — Шымкент қаласы ХМБ НЗМ 11-сынып оқушысы; Енбахтов Андрей — Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы; Болат Ақжол — Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы; Серікбай Қанат — Шымкент қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-сынып оқушысы; Дарынов Амир — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы; Сабыр Жомарт —Жамбыл облысының дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы.

Команда жетекшісі — Абай Дүйсен. Ол республикалық және халықаралық олимпиадалар жеңімпазы.

Айта өтейік, географиядан Еуропалық олимпиада EGeO 2015 жылдан бері өткізіліп келеді.

Өткен жылы еліміздің жас географтары алты медаль жеңіп алды, оның ішінде бір алтын, екі күміс және үш қола жүлде болған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале