22.07.2024, 12:45
Оқылды: 87

Қазақстан құрамасы грек-рим күресінен Азия чемпионатында екінші орын алды

Таиландта грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия біріншілігі аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

1721631828

Сурет: Olympic.kz

Аталған сында қазақстандық балуандар 2 алтын, 4 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Юсуф Ашрапов (67 келі) пен Ерасыл Жеңіс (82 келі) алттын жүлдегер атанды.

Арсен Жұма, Бағылан Қуанышев, Рахат Бержанов пен Джохар Узаровтың еншісінде күміс бар.

Ал Айбек Айтбеков, Тайым Амангелді және Диас Сейітқалиевтер турнирдің қола жүлдегерлері атанды.

Жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы 185 ұпаймен екінші орынға табан тіреді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале