"Садақ атудан Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті", - деп хабарлайды ҚР туризм және спорт министрлігі.

Фото: www.gov.kz
Компаунд бағдарламасы бойынша Адель Жексенбинова, Виктория Лян, Роксана Юнусова бастаған командамыз қола жүлде үшін таласта Ұлыбританияны 232:228 есебімен жеңіп кетті.
Бұған дейін ел тарихында 1993 жылы классикалық садақ атудан әйелдер сайысында Яна Туниянц қола жүлдегер атанған болатын.