19.06.2023, 11:15
Оқылды: 25

Қазақстан құрамасы химия пәнінен Әл-Бируни атындағы халықаралық олимпиадада төрт медаль жеңіп алды

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Өзбекстан Республикасының Хиуа қаласында Әбу Райхан Әл-Бируни атындағы химия пәнінен халықаралық олимпиада өтті.

8c8bc810e15d15e504d3285e21e44b24_1280x720

 

Оған әлемнің үш континентінің 16 елінен 130 жас ғалым қатысты. Қазақстан ұлттық командасының құрамына химия пәнінен халықаралық Менделеев олимпиадасының төрт жүлдегері енген болатын.

Төртеуі де әл-Бируни атындағы олимпиада жүлдегері атанды. Олар:

Әділжан Молдағұлов— Маңғыстау облысының «Білім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Диас Қоршыбек — Жамбыл облысының дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы;

Әлихан Смет — Астана қаласының дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатының 11 сынып оқушысы;

Инсар Имаш — Алматы қаласындағы Haileybury Almaty мектебінің 11 сынып оқушысы.

Айта кетейік, Әбу Райхан әль-Бируни атындағы халықаралық олимпиада Өзбекстанда алғаш рет ұйымдастырылды.

Олимпиада екі кезең бойынша өтті, қатысушылардың білімі мен әлеуеті жазбаша және практикалық зертханалық жұмыстармен бағаланды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале