10.11.2021, 12:17
Оқылды: 36

Қазақстан КВИ-ге арналған тест өткізу саны бойынша әлемде 47-орында

Қазақстан КВИ-ге арналған тест өткізу саны бойынша әлемде 47-орында. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

6

«Бүгінде халықтың тестілеуден өтуге қолжетімділігі қамтамасыз етілген. Зертханалардың қуаты тәулігіне 126 мың зерттеуден асып түседі. Зертхана санын 165-ке дейін арттыру есебінен тәулігіне 60 мың зерттеу жүргізіледі. Қазақстан коронавирус инфекциясына арналған тест өткізу саны бойынша әлемнің 22 елінің ішінде 47-орында тұр», - деді министр.

Осы ретте ол Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын «қызыл» аймақта қалып отырғанын айтты. Ал «сары» аймаққа Қарағанды, Ақмола облыстары және Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласы кірді.

«Қазақстан және қалған 10 өңір «жасыл» аймақта тұр. Репродуктивтілік сан 0,90-ды құрайды. Толықтай алғанда, соңғы 2 айда Қазақстанда аурушаңдың 3,4 есе, өлім-жітім 4 есе төмендеді. 1 тамыздан республикада инфекциялық төсек-орындар жүктемесі 56-дан 30 пайызға, реанимациялық төсек-орындар 45-тен 26 пайызға төмендегені байқалады. Резервте 30 мыңнан астам төсек-орын бар», - деді Алексей Цой.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале