28.02.2024, 15:15
Оқылды: 403

Қазақстан мектептерінде «Менің сүйікті кітабым» республикалық челленджі басталды

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқушылар арасында «Менің сүйікті кітабым» республикалық челленджі басталды. Бұл туралы оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Челленджді бірінші болып елордалық №8 мектеп оқушылары қолдады. Мектеп ұжымымен және оқушылармен кездескен Оқу-ағарту министрлігінің тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Меруерт Медетбекова оның маңыздылығын атап көрсетті.

8fab

Фото: www.gov.kz

«Оқушылар оқыған кітаптары туралы өз әсерлерімен бөлісіп, өздері үшін қолайлы орта құра алады. Мұндай іс-шаралар белсенді оқырман қауымдастығын қалыптастыруға ықпал етеді деп үміттенеміз», - деді департамент директоры.

Бастама өскелең ұрпақ арасында оқуды дамытуға, олардың назарын әртүрлі жанрдағы әдеби шығармаларға аударуға, зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған.

Челлендж аясында ұйымдастырушылар кітап оқуға және кітап оқуды насихаттауға байланысты түрлі тапсырма әзірледі. Челлендж биыл ақпанның 28-інен сәуірдің 1-не дейін жалғасады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале