12.08.2025, 21:33
Оқылды: 75

Қазақстан мен АҚШ су тасқынын болжауға арналған озық технологияларды енгізу мәселесін талқылады

"Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов америкалық Dynamic Aviation компаниясының бас директоры және директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Столцфуспен кездесті", - деп хабарлайды ҚР су ресурстары және ирригация министрлігі.

_gluster_2025_8_12_64091d65eafa47697f8d71b5e2902e64_1280x720

Фото: www.gov.kz

Тараптар су тасқынын болжау және оған қарсы іс-қимыл жасау мәселелері бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, аэротүсірілім арқылы қардың қалыңдығын өлшеу және оның еруін болжауға арналған технологияларды енгізу мәселесі сөз болды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар «Қазгидромет» пен ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мамандарының қатысуымен серіктестік бағыттарын егжей-тегжейлі талқылауға келісті.

"Жылдың басында Қазақстанда су тасқынын болжау және модельдеу ақпараттық жүйесі енгізілген болатын. Бүгінде басқа да жауапты органдармен бірлесіп, оның жұмысын жетілдіру жолдарын үнемі іздестіріп келеміз. Оның ішінде әлемдік озық технологияларды енгізу арқылы",– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале