23.01.2026, 14:45
Оқылды: 22

Қазақстан мен АҚШ-тың жетекші университеттері білім мен ғылым саласындағы стратегиялық серіктестікті кеңейтеді

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің делегациясы АҚШ-тың жетекші университеттері – Arizona State University (ASU) және University of Arizona – басшылығымен стратегиялық серіктестікті дамытуға арналған екі маңызды кездесу өткізді.

_gluster_2026_1_23_560acf3d9b76570e2f34f2fb298898a5_1280x720

ASU өкілдерімен кездесуде министр Саясат Нұрбек серіктестіктің болашақ бағыттары мен бірлескен білім беру жобаларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Тараптар 2026 жылғы қыркүйек айында іске қосылуы жоспарланған екі негізгі жобаны қарастырды.

Бірінші жоба – Auezov University базасында Honor College Arizona State University филиалын ашу. Бұл бастама академиялық қабілеті жоғары студенттерді даярлауға арналған заманауи академиялық стандарттарды енгізуге бағытталған. Екінші жоба – InnoTech университетін ашу, ол жеке инвесторлармен бірлесіп және Arizona State University академиялық қолдауымен жүзеге асырылады («InnoTech powered by ASU»). Жаңа университет инновациялар мен жоғары технологиялар саласындағы мамандарды дайындауға арналған.

Келіссөздер барысында жобаларды кезең-кезеңімен іске асыру, академиялық модель, білім беру бағдарламаларының тізімі және сапаны қамтамасыз ету механизмдері жан-жақты талқыланды. Арнайы назар бірлескен ғылыми зерттеулердің перспективаларына, инновациялық экожүйені дамытуға және технологияларды трансфертеуге аударылды. Тараптар серіктестікті тереңдетуге деген қызығушылықтарын растады және жобаларды уақытында іске қосу үшін әрі қарай үйлестіру жұмыстарына дайын екендіктерін білдірді.

Сонымен қатар министр Саясат Нұрбек University of Arizona өкілі Рики Салазармен Kozybayev University-пен стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелеріне арналған кездесу өткізді.

Бүгінде Kozybayev University мен University of Arizona арасындағы серіктестік пилоттық жобадан ауқымды академиялық экожүйеге айналды. Қазіргі уақытта 5 қос дипломдық бағдарлама және 11 бірлескен білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып, 1250-ден астам студент оқып жатыр. Биыл бизнес-әкімшілік, маркетинг және жарнама бағыттары бойынша жаңа бағдарламалар іске қосылуы жоспарланған.

Ғылыми салада агрогеномика және биоинформатика бағытындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Солтүстік Қазақстан жағдайына бейімделген бидай сорттарын іріктеу үшін ғылыми база қалыптасып, заманауи геномдық селекция және деректерді талдау әдістері қолданылады.

Сонымен қатар университеттер су ресурстары, серополимерлік технологиялар және инклюзивті білім беру саласындағы жобаларды жүзеге асырып келеді. Серіктестік қолданбалы нәтижелерге, ғылыми инфрақұрылымды дамытуға, технологияларды трансфертеуге және елдің тұрақты дамуына үлес қосуға бағытталған.

Бұл кездесулер университеттер арасындағы ынтымақтастықтың алдыңғы кезеңдерінде қол жеткізілген келісімдердің жалғасы болды. Олар білім беру және ғылыми жобаларды іске асырудағы келесі қадамдарды келісуге, сондай-ақ стратегиялық серіктестіктің басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале