14.02.2024, 18:00
Оқылды: 49

Қазақстан мен Армения қандай жобаларды жүзеге асырады?

ҚР мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Арменияның Қазақстандағы Елшісі Армен Гевондянмен кездесті.

23f0ecbd0dace22eaca30c106dd9ffe3_1280x720

Фото: gov.kz

Бұл туралы ҚР мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Армения Республикасының Білім, ғылым, мәдениет және спорт министрлігі арасындағы 2023-2025 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасы екі елдің өзара серіктестіктігін нығайтуға және бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді.

Аида Балаева министрлік мәдениет, ақпарат, дін, архив ісі, азаматтық қоғам, жастар және отбасы саясаты салаларын реттеу, сондай-ақ креативті индустрияны дамыту жөніндегі негізгі орган екенін айтты.

«Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында креативті индустрия саласын дамытудың маңыздылығын атап өтті. Бұл сала медиа, кино, музыка, дизайн, білім беру және ақпараттық технологиялар саласын қамтып, экономиканың өсуі мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына мүмкіндік береді.

Стратегиялық міндеттердің қатарында мәдениетімізді шетелде ілгерілету және насихаттау, киноиндустрияны, анимацияны, музей ісін дамыту сияқты алға қойған мақсатымыз бар», - деп атап өтті министр.

Өз кезегінде Армен Гевондян мәдениет күндерін өткізуге қызығушылық танытты.

«Біз де сіз сияқты мәдениеттердің өзара саналуандығына, атап айтқанда, мәдени-гуманитарлық жобаларды ұйымдастыруға мүдделіміз. Кейбірі жүзеге асырылды. Мысалы, XX ғасырдың ең көрнекті композиторларының бірі, дүние жүзіндегі миллиондаған тыңдарманның құрметіне ие болған Арам Хачатурянның 120 жылдығына арналған бұрыш ашылды», - деді Елші.

Елші алдағы уақытта армян мәдениетінің бұрышын ашуға септігін тигізуді сұрады.

Кездесу соңында Аида Балаева Қазақстан мен Армения арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен қарым-қатынастың дами беретініне сенім білдірді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале