Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов пен Біріккен Араб Әмірліктері Қорғаныс министрлігі Халықаралық қатынастар басқармасының бастығы авиацияның бригадалық генералы Мұхаммад Әл-Мазруи қатысты.
Тараптар әскери білім беру, радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау, жауынгерлік даярлық, әскери барлау және әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму көкжиегін талқылады.
Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктерінің қорғаныс ведомстволары арасындағы 2022 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.
baq.kz